Тіл ылғал болады, түкірік құрамының 90% су, ол қатқанда мұзға айналады. Яғни сіз тіліңізді мұзға тигізгенде ол қатады. Мұз бен тілдің арасында берік мұзды "көпір" пайда болады. Осы "көпір" тілді мұздан ажыратпай ұстап тұрады. Сол себепті тіл мұзға жабысып қалған сезім болады.
Тіл мұзға жабысқанда мүмкін болса жылы жерге кіру қажет. Жылы су құйып тілді ажыратып алуға болады.