«ҚР Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 27 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын салушылар мен жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін алушылар ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кететін жағдайда зейнетақы қорларын алуға құқылы.
Ондай тұлғалар қатарына ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен, ел аумағынан кету ниетін немесе кеткенін растайтын құжатты ұсынған шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар жатады.
Ал ел аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кететін немесе кеткен ҚР азаматтары өздерінің ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан қорларын ғана алуға құқылы (Зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі... 4 тармағына сәйкес).
Азаматтығы жойылған жағдайға дейін міндетті зейнетақы жарналарын алуға ҚР азаматтары құқылы емес. Тек өзге ел азаматы атанғаннан кейін ғана, салымшы міндетті зейнетақы жарналары есебінен құралған өз қорларын ала алады.
Жоғарыда аталғандардан басқа жағдайларда зейнетақы қорлары, сондай-ақ, есепшот иесі қайтыс болған жағдайда және соған байланысты қайтыс болған отбасы мүшесінің туыстарының жинақталған қаржыны мұрагерлік ету қажеттілігіне қарай алынады.