Көздің көруін қалай жақсартуға болады?

+4 дауыс
Көз жанары, Окулист бөлімінде 12 Жел, 2015 белгісіз сұрағын қойды

Компьютерде көп отырғаннан көзім алыстан онша көрмейді, қалай қалпына келтірсем болады? Қандай жаттығулар бар? Операция жасатқаным дұрыс болады ма?

8 Жауаптар

+1 дауыс
14 Жел, 2015 Есет Қилыбаев жауап берді
23 Мау, 2016 таңдалды
 
Үздік жауап

Көзге жасалатын жаттығулар

Көзге жасалатын жаттығуларға назар аударыңыздар. Бұл жаттығуларды күнде жасап жүрсеңіздер денсаулығыңызға  пайдалы болады. Негізі адам көзіне көзілдірік киіп жүрсе біраз уақыттан кейін оның көзінің көруі нашарлайтыны дәлелденген екен.

Сондықтан көзілдіріктен бас тартып, осы кестеде көрсетілген жаттығуларды орындаңыздар. Әрине көзілдірікті тағу міндетті кездер де болады, дегенмен көп жағдайда көздің көруін қалпына келтіру мәселесін қолыңызға алып жаттығулар жасасаңыз, жейтін тамағыңызға мән берсеңіз, уақытында ұйықтап, күн тәртібін көп бұзбасаңыз, жақсы нәтижелерге жетесіз. 

Көздің көруін қалпына келтіру барысында мынадарды да ескерген жөн:

  • Көзге көп күш түсірмеуге тырысыңыз, күндіз аздап ұйықтап алыңыз немесе   2-3 сағат сайын көзіңізді жұмып отырыңыз.
  • Көзге арналған жаттығуларды жасаңыз.
  • Егер көзіңіз емдеуге келетін болса, көзілдіріктен бас тартыңыз.
  • Арнайы нүктелерді басып отырып көз айналасына массаж жасаңыз.

Алдымен екі саусақпен (балаң үйрек және ортан терек) көзіңіздің алмасын сегіз рет басыңыз, ауыратындай қатты басуға болмайды. Сонан кейін суретте көрсетілген нүктелерге екі реттен басып шығыңыз. 

  • Күн тәртібін сақтаңыз  (сағат 10-00 ұйықтауға жатып күн шыққанға дейін оянуыңыз керек.
  • Көзілдірік кимей қыдырыңыз, алысқа көп қараңыз.
  • Диета сақтаңыз (майлы, қуырылған, тұзды, қақталған, ұн тағамдарын жемеңіз), сәбізден жасалған шырынға олива майының бірнеше тамшысын қосып ішіңіз
  • Кешкі 19-00 кейін компьютер қолданбаңыз.
  • Демалыңыз, жақсы музыка тыңдаңыз, көзге салмақ түсіретін ауыр жұмыс пен дене жаттығуларын шектеңіз.

Алынған жері: bilimpaz.kz

0 дауыс
13 Жел, 2015 Байменова Жанар жауап берді

Көздің көруін жақсарту үшін:

- арнайы жаттығулар жасау;

- дұрыс тамақтану;

- қосымша кеңестер;

Жаттығулар:

1. 20-30 секунд бойы көзді ашып-жұмып көз жаттығуын жасау қажет. Көзді жоғары және төменге көтеріп, түсіру. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасау керек.
2. Көзбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салу. 
3. Үлкен саусаққа бірнеше секунд бойы қарап тұрып, назарды қолға қатысы жоқ басқа бір затқа аудару. Көздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталау.
4. 2 минут бойы көзді жыпылықтату. Бұл жаттығу көздің қанайналымын қалыпқа келтіреді.
5. Компьютерде  немесе жұмыс орнында көз шаршағанда мынадай жаттығу жасауға болады. Екі қолмен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзді жауып отыру керек. Көздің демалғанын сезгеннен кейін қолды босатуға болады.

Тамақтану:
1. Қандай тағам жасайтын болсаңыз да өсімдіктерді қосуды ұмытпаңыз. Олардың құрамындағы лютеин көз ауруларының алдын алады.
2. Майлы балықтар. Олардың құрамында майлы қышқылдар  көру клеткаларын жақсартады.
3. Цитрусті жеміс-жидектер. Олардың құрамында дәрумендердің барлық түрі кездеседі. А дәрумені көздің көруінің нашарлауынан, оның сәуле сындыру күшінің ақауларынан қорғайды. С дәрумені көз ішіндегі қысымның көтерілуіне жол бермейді. Е дәрумені катарактаға қарсы күреседі.
4. Сәбіз. Құрамындағы бета-каротин көзге мол әсерін тигізеді.
5. Миндаль. Күнделікті миндаль жеп тұрсаңыз, Е дәруменімен құнарланасыз.

Кеңестер:
1. Таза ауада көбірек серуендеңіз.
2. Көзді демалдырып тұрыңыз (кітап оқу, компьютермен жұмыс, теледидар көру кездерінде).
3. Көзілдірік киіңіз (күннен қорғайтын және компьютермен жұмыс істеуге арналған).
4. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басып тұрыңыз.
5. Компьютермен жұмыс барысында монитор көз деңгейінен төмен тұруы тиіс. «Құрғақ көз» синдромының дамуын тежейді.

0 дауыс
14 Жел, 2015 Қаламқас жауап берді

1-жаттығу

Шынтағыңызды үстелге тіреп, алақандарыңызбен көздеріңізді жабыңыз. Жаттығу ұзақтығы — 5 минут. Осы жаттығуды күніне 2-3 рет қайталаңыз. Алақаныңыздан тараған жылу мен қараңғылық көздеріңіздің шаршауын басады.

2-жаттығу

Таңертеңгілікте көзіңізді жауып, бетіңізге алдымен жылы су, соңынан салқын су бүркіңіз. Жаттығуды 20 рет қайталаңыз. Кешке қарай осы жаттығуды тағы істеп көріңіз. Бірақ, бұл жолы бетіңізге алдымен суық су, сонан соң жылы су бүркесіз. Бұл жаттығу көздеріңіздің қан айналысын жақсартады.

3-жаттығу

Фокус жасау. Әр қолыңызға бір-бірден қарындаш ұстаңыз. Біреуін көзіңізден 15 см қашықтықта тік ұстаңыз. Ал, екіншісін алға созылған қолыңыздың қашықтығында ұстаңыз. Сонан соң көзіңізді бір қарындашқа тоғыстырыңыз да, кірпігіңізді қағып, көзқарасыңызды екінші қарындашқа аударыңыз. Бұл жаттығуды күніне екі рет жасаңыз.

4-жаттығу

Аяқтарыңызды алшақ қойып, бүкіл денеңізбен бір жағыңыздан екінші жағыңызға қарай бұрылыңыз. Көздеріңіз алыстау тұрған бір нәрсеге қадалуы қажет. Ауық-ауық кірпіктеріңізді қағып қойыңыз. Жаттығуды 50 рет қайталаңыз.

0 дауыс
14 Жел, 2015 Байменова Жанар жауап берді

Көзге арналған жаттығулар

(Профессор Э. Аветисовтің əдісі)

1-жаттығу. Орындыққа шалқайып, терең дем аламыз. Алға еңкейіп, іштегі демді баяу шығарамыз. Мұны 5-6 рет қайталау керек.

2-жаттығу. Орындыққа шалқайып, көзді қатты жұмып, ашу керек. Бұл да 5-6 рет.

3-жаттығу. Қолды мықынға қойып, басты оңға бұрып, оң қолдың шынтағына, басты солжаққабұрып, сол қолдың шынтағына қараймыз. 5-6 рет.

4-жаттығу. Алдымен жоғарыға қараймыз. Сосын көзді сағат тілімен айналдырамыз. Ендісағаттіліне қарсы жүреміз. 5-6 рет.

5-жаттығу. Қолды созып, саусақ ұшына қараймыз. Қолды жоғарыға көтеріп,қимылын көзбенбақылаймыз. Басты қозғамай, қолды түсіреміз. Бұл жаттығуды 4-5рет жасау жеткілікті.

6-жаттығу. Алдымызда алыс тұрған затқа 2-3 секундтай қараймыз. Сосын мұрынның ұшына 3-5 секунд қараймыз. 6-8 рет қайталауқажет.

7-жаттығу. Көзді жұмып, сұқ саусақтың ұшымен30 секунд уқалаймыз.

 

0 дауыс
21 Мау, 2016 Алуа жауап берді
1.  Тіпті сіз қазір көзілдірік тағып жүрсеңіз де, үнемі көз жаттығуларын жасап тұрыңыз.

2. 20-30 секунд бойы көзіңізді ашып-жұмып көз жаттығуын жасаңыз.Көзіңізді жоғары және төменге көтеріп, түсіріңіз. Дәл осындай жаттығуды оңға және солға қарай жасап көріңіз.

3. Көзіңізбен дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты салып көріңіз.

4. Үлкен саусағыңызға бірнеше секунд бойы қарап тұрыңызда, назарыңызды қолыңызға қатысы жоқ басқа бір затқа аударыңыз. Көзіңіздің ауырғанын сезінгенше осы жаттығуды қайталай беріңіз.

5.  Өзіңіздің немесе өзгенің қолындағы затқа ұзақ қарап тұру да көмектеседі. Мысалы, қолыңыздағы қарандаштың алыстағанын және жақындағанын қарап тұру.

6. Компьютерде  немесе жұмыс орнында көзіңіз шаршағанда мынадай жаттығу жасауыңызға болады. Екі қолыңызбен саусақтар арасынан саңылау қалмайтындай етіп көзіңізді жауып отыруыңыз керек. Көзіңіздің демалғанын сезгеннен кейін қолыңызды босатуыңызға болады.

7.  Дәрумендерді көбірек пайдаланыңыз. Әсіресе көкөністер мен жемістердің құрамында көздің көру қабілетін жақсартатын дәрумендер көп болады.

8. Күн сайын қайнатылған қырық қабат жапырағын жеңіз. Күн сайынғы тамақтануда қайнатылған және шикі сәбізді және грек жаңғағын пайдаланған дұрыс.

  9. Шаршаған көзді сумен шайып шаршағанын басуға болады.
0 дауыс
21 Мау, 2016 Айман жауап берді

Сәлеметсіз бе, сізге көмегім тиер деген ниетпен-көздің көру абілетін жақсартатын дәрілер мен жаттығуларды ұсынамын: өзіме дәрігер көздің көру қабілетін жақсартатын дәрілер ұсынды: бестоксол мен мидакс көзге тамызатын күшті дәрілер; енді мына жаттығуларды қайталаңыз: 

1-жаттығу: 

2-жаттығу: 

3-жаттығу: 

4-жаттығу: 

5-жаттығу: 

соңында көзіңізді жауып өзіңіздің атыңызды көзбен жазып көріңіз, ем болсын!!! 

0 дауыс
21 Мау, 2016 Ғазиз жауап берді
Мынаны оқып көрші, көз туралы, пайдасы тиіп қалар. 1. Көзімнің көруі нашарлағанын қалай байқауға болады? Алыс-жақыннан көзіңіздің көруін тексеріп отырыңыз. Салғырт қарамаңыз! Күніне бір рет көзіңізді тексеріп отырғаныңыз жөн. Егер көзіңіз сәл бұлдырласа, демек көруі нашарлай бастағаны. Тез арада ем-дом қолдану керек... 2. Көз көрмеуі ген арқылы беріле ме? Ия, көптеген зерттеулердің нәтижесі көз көрмеу ген арқылы ата-анадан балаға беріледі дейді. Departament of Ophthalmology ата-анасының екеуі де миопиямен ауыратын 7жасқа дейінгі балалар арасындазерттеу жүргізіп, 45 %-ының көздері нашар көретінін анықтаған. 3. Көздің көруін жаттығу арқылы жақсартуға бола ма? Кез келген көзге арналған жаттығу көз бұлшық еттерін шынықтырып, көз ауруларының алдын алу үшін жасалады. Сондықтан, көзіңіздіңкөруі нашарласа, жаттығуларға сеніп жүре бермей, бірден окулиске жүгінгеніңіз жөн. 4. Неге компьютер мен теледидар көзге зиян дейді? Көзге электрмагниттік толқындар, тым жақыннан көрсетілген суреттер, жап-жарық сәуле жүк түсіреді. Көк-күлгін түстердің көптігі де көзге кәдімгідей күш түсіреді екен. Дегенмен, қауіпсіздік шаралары барынша қамтамасыз етілетін заманауи теледидарлар көзге соншалықты қауіпті деу қиын. Бәрі теледидар не компьютердің алдында қаншауақыт өткізетініңізге байланысты. Компьютерге тым жақын отырып, кірпікті сирек қағу көзге зиянын тигізеді. Егер экран алдында 5-6 сағаттан көпотыратын болсаңыз, экран мен сіздің арақашықтығыңыз 3 метр болсын. 5. Компьютермен жұмыс істегенде көзілдірік пен линзаның қайсысын киген дұрыс? Компьютердің алдында адам кірпігін сирек қағатындықтан, арнайы көзілдірік кигені жөн. Линзаны компьютер алдында кимеуге кеңес береміз. 6. Компьютер көзге зиян келтірмес үшін не істеу керек? Мамандар былай дейді: *. Отырған бөлмеңіздегі шам көзге шағылысатындай жап-жарық болмағаны дұрыс.Экраныңыз анық болуы керек. *. Монитор терезеге жақын жерде тұрса, терезеде жалюзиболғанын қадағалаңыз. Жарықтың экранға оң жақтан түскені дұрыс. *. Монитордың жоғарғы жағы көзіңізден төмен орналасуы керек. *. Экран мен көзіңіздің арасы 50-70 см болғаны жөн. Қолыңызды созған кезде, қолыңыз мониторға сәл-пәл жетпей тұруы керек. 7. Көзді жақсарту үшін қандай тамақтар жеген дұрыс? Балық, лимон, киви, сәбіз, орамжапырақ, қызанақ, қаражидек (черника), саумалдық (шпинат). Осы тағамдарды міндетті түрде жеңіз.
0 дауыс
28 Мау, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Алыстан көрмеушілік (миопия) — алыста тұрған заттарды дұрыс көрмеу. Көз дәрігерлері миопияны әлсіз (3,0 диоптрийге дейін), орташа (3,25 диоптрийге дейін) және жоғары дәрежелі (6 диоптрийден жоғары) деп бөледі. Жоғары дәрежелі миопия 15-30 диоптрийге дейін жетуі мүмкін.
Алыстан көрмейтін адамдар алысқа арналған көзілдірікті қажет етеді, ал көпшілігіне тіпті жақыннан керуге арналған көзілдірік керек. Алайда көзілдірік көздің жітілігін үнемі жоғары деңгейде түзете бермейді, бұл ауру көз қабығындагы дистрофиялық және басқа өзгерістерге байланысты.

Көз жітілігінің нашарлауы туа бітуі, уақыт өте пайда болуы мүмкін, кейде бара-бара үдей береді. Ол кез-келген жаста анықталып жатады. Сырқат, әдетте, жасөспірім шақта күшейіп, 18-40 жас аралығында тұрақталады. Оның тұқым қуалауы да мүмкін.

Миопияның дамуына көзге шамадан артық салмақ түсіру де әсер етеді. Оларға жұмыс үстеліне дұрыс жарық түспеу, оқығанда және жазғанда дұрыс отырмау, теледидарды көп көру мен компьютерді жиі пайдалану жатады.

Толық: Алыстан көрмеудің даму себептері және емі

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
+1 дауыс
1 жауап
...