Агглютинация (лат. agglutinatio — жабысу) — арнайы антиденелердің (агглютининдер) әсерімен корпускулдық антигендердің (бактериялар, қан клеткалары, басқа клеткалар) бір-біріне жабысуы және тұнба (агглютинат) жасауы. Қанның қызыл және ақ түйіршіктері бір-бірімен кейбір жұқпалы ауру қоздырғыштарының (мысалы грипп, парагрипп вирустары) әсерінен де жабысады. Бұл тәнді реакция, сондықтан бактерия және вирустар туғызатын ауруларды анықтау үшін кеңінен қолданылады.