Рахмет! 16 Желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні баршамызға құт береке алып келсін! Тәуелсіз елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын!!! Бізге маңызды болып саналатын Тәуелсіздік күні, кең байтақ даламыз ата-бабаларымыздан қалған мұра және бізден кейін келе жатқан ұрпаққа аман-есен, төрт жағы түгел болып берілетін аманат. Ата-бабаларымыздың қанымен жеткен Тәуелсіздігімізді қорғап, құрметтей білейік. Болашақ қазақ елінің жастарына қазақ жерінің тұтастығымен қатар, мәдениетін, тілін, салт-дәстүрін тұтастай жеткізейік.
Өр рухымызды жоғалтып алмайық!!!
Баршаңызға аманшылық, елімізге тыныштық тілеймін.
Ынтымақ пен татулық, бірлік пен бауырмалдық бізбен бірге болсын!