Емтиханға дайындалудың тиімді жолдарымен бөлісесіздер ма?

0 дауыс
ҰБТ жайлы бөлімінде 23 Жел, 2015 Марат сұрағын қойды
Емтиханға дайындалудың тиімді жолдарымен бөлісесіздер ма?

1 жауап

0 дауыс
24 Жел, 2015 admin (1,019 ұпай) жауап берді

Емтиханға әзірленуге 5 кеңес

 

Емтихан — әр студент өмірінің ажырамас бөлігі және ол адамды күйзеліске душар етпей, салмақ салмай өтуі тиіс. Осы мақалада келтірілген кеңестер емтиханнан сүрінбей өтуге көмектеседі, сондай-ақ, тест тапсырар, презентациямен сөз сөйлер алдында және басқа да тапсырмаларды орындауда пайдалы болмақ.

1- Емтихан туралы неғұрлым көбірек білу керек. Дұшпанның сырын білу қажет. Студент емтихан қалай өтетіні туралы неғұрлым көбірек білсе, соғұрлым жақсырақ дайындалады. Мысалы, емтихан қалай өтетітін: ауызша ма, тест пе, әлде эссе түрінде ме, тест болса, әр сұрақ немесе есеп қалай бағаланатынын біліп алу керек.

1- Көмек сұрау. Шынымен көмек керек болса, оған уайымдап, ұялудың қажеті жоқ. Оқытушылардан және табысты студенттерден көмек алып, қажетсіз күйзелістен, уайымнан арылып, емтиханды жақсы тапсырып шығуға болады.

3- Емтихан тапсыратын пән бойынша материалдарды сұрыптап, дайындау. Әрине, одан бұрын қажет материалдың бәрі қолыңызда бар екеніне көз жеткізіп алу керек. Кей студенттер қайталау жоспарын құру үшін курстың мазмұнын пайдаланады. Емтиханды оқулықтағы материал негізінде тапсыратын болсаңыз, әр тараудағы ең маңызды деген фактілер, цифрлер мен сандарды тізіп, қысқаша түйіндеме жасап алу пайдалы болмақ. Бұл бүкіл кітапты тұтас қайта оқымай, маңыздысын ғана қайталауға мүмкіндік береді.  

4- Емтихан өтетін уақытын, орнын біліп, керек заттардың бәрін қолда ұстау. Керек заттарыңызды алдын-ала түгендеп, әзірлеп қою керек. Одан бөлек, емтихан таңертең өтетін болса, оған бірнеше күн қалғанда-ақ ұйқыңызды қандырып, ерте тұруға дағдылана беру керек. Бұл дәл емтихан күні уақытында ояна алмай қалу қаупін азайтады.

5- Сабыр сақтап, емтихан туралы сөзді көбейте бермеу. Емтиханға дейін де, одан кейін де тек ол туралы айта берудің қажеті жоқ. Бұл нәтижені жақсартпайды, керісінше, қобалжуды арттырады. Емтихан өтіп кеткеннен кейін ол туралы айта беру нәтижесінің дұрыстығына деген күмәнді арттырып, көп қате кеткен сияқты көріне бастайды.

Бұл кеңестер — студент емтиханды сәтті тапсыру үшін істей алатын әрекеттерінің кейбіреуі ғана. Оқу орнын бітіріп кеткендермен де сөйлесіп алған пайдалы болмақ. Олар студентке жақсы ықпал ететін қосымша стратегияларымен бөлісуі мүмкін. Дайындалудың түрлі әдіс-тәсілдерін байқап көріп, содан кейін өзіңізге ең лайықтысын таңдап алуға болады.

 

Ұқсас сұрақтар

+1 дауыс
2 жауап
0 дауыс
6 жауап
0 дауыс
1 жауап
×
...