Номеріңізді қай оператордан қай операторға ауыстырғыңыз келеді?

+3 дауыс
Байланыс операторлары бөлімінде 03 Қаң, 2016 Еркебұлан сұрағын қойды
03 Қаң, 2016 өңдеу жасады

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда абоненттік номерлерді басқа операторға көшіру қызметі іске қосылды. Бұдан былай әр абонент мобильді телефон номерін сақтай отырып, басқа оператордың қызметіне жүгіне алады деген сөз. Осының бәрі "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңының арқасында мүмкін болып отыр.

Бұрынғы операторда қалған балансты ала көшуге бола ма?

Жоқ. Алдымен балансыңызда қалған қаражатты қайтарып беруін өтініп, бұрынғы операторыңызға жүгіну керек. Тек, Kcell мен Activ арасында көшкен жағдайда ғана балансыңызды ала кетуге мүмкіндік бар.

Мобильді байланыс операторын қаншалықты жиі ауыстыруға болады?

Биылша ұялы байланыс операторлары арасында алпыс күнде бір рет қана көшуге болады. Кейіннен бұл әрекетті ай сайын жасаймын десеңіз де өз еркіңізде. Қызмет — тегін.

Басқа операторға қалай көшемін?

Мобильді байланыс операторын ауыстыру үшін жеке куәлігіңізді алып, көшкіңіз келетін оператордың қызмет көрсету орталығына баруыңыз керек. Көшкіңіз келетінін айтып өтініш жазасыз. Басқа операторға ауыстырғыңыз келетін номер өз атыңызда болуы тиіс екеніне назар аударыңыз. Қызмет көрсету орталығында жаңа SIM-карта аласыз. Номердің өзін көшіруге бірнеше минуттан төрт сағатқа дейін уақыт кетеді.

Кейбір операторлар алдымен өтінішті қабылдағаны, содан кейін номерді көшіргені туралы SMS жіберетіні бар.

Оператор ауыстыру үшін қызмет көрсету орталығына бару міндетті ме?

Басқа операторға көшу үшін өтінішті онлайн беруге болады: Kcell Activ Beeline Tele2 Altel

Сонда да, құжаттарға қол қойып, жаңа SIM-карта алу үшін қызмет көрсету орталығына бір баруға тура келеді.

Біреуге қоңырау шалғанда, оның қай операторда екенін қалай білемін?

Қазір қандай да бір номер қай компанияға тиесілі екенін префиксінен білеміз: «701, 702» — Activ немесе  Kcell; «705» — Beeline; «700» — Altel; «707» — «Теле 2» деп кете береді. «Мобильді құлдықтан» құтылғаннан кейін бұлай болмайды. Клиентке қай оператордың номеріне қоңырау соғып жатқанын хабарлап отыру немесе хабарламау заңда көзделмеген. Әзірге, кейбір компаниялар өз абоненттері арасында басқа операторлардың номеріне қоңырау шалу кезінде шатасып кетуін болдырмау мүмкіндігін қарастырып қойыпты, енді біреулері олай істемейміз деп отыр.

Бір оператордан басқасына көшуіме рұқсат бермей қоюы мүмкін бе?

Номеріңзді көшіруге бес жағдай кедергі болуы мүмкін:

Номер өз атыңызға тіркелмеген болса.

Тексеру кезінде ұялы байланыс қызметіне қарызыңыз бар болса.

Оператор алдында сатып алған абоненттік құрылғы (мысалы: телефон, планшет, т.б.) бойынша шартты міндеттемелеріңіз болса.

Номеріңізді соңғы көшіргелі бері 60 күн өтпесе (биылша ғана).

Құқық қорғау органдарының талап етуімен номерге блок салынған болса.

 

Номеріңізді қай оператордан қай операторға ауыстырғыңыз келеді?

4 Жауаптар

0 дауыс
03 Қаң, 2016 Марат жауап берді
Мен ешқандай тиімділік көріп тұрған жоқпын. Бәрі далбаса. Тарифтерді арзандату керек. Шешім сол ғана.
1 күн бұрын GUEKUNDIGIP пікір қалдырды
скачать чудо зоопарк <a href=https://apk-smart.com/igry/strategii/192-chudo-zoopark-vzlomannyj-mod-mnogo-deneg.html>https://apk-smart.com/igry/strategii/192-chudo-zoopark-vzlomannyj-mod-mnogo-deneg.html</a> скачать чудо зоопарк
 
P.S Live ID: K89Io9blWX1UfZWv3ajv
P.S.S <a href=https://www.blag-it.com/index.php?topic=521452.new#new>Программы и игры для Андроид телефона</a> <a href=https://pumping.co.kr/bbs/board.php?bo_table=epumping2&wr_id=442630>Программы и игры дл</a> <a href=https://tellmydreammeaning.com/viewtopic.php?t=51099>Программы и игры для Андроид телефона</a>  176e2a8
0 дауыс
03 Қаң, 2016 Гүльмира жауап берді
Дұрыс болған, бұрыннан өз номерімді сақтап ауысқым келіп жүпген еді. Мен KCell - ден Activ- ке ауысамын!
0 дауыс
03 Қаң, 2016 Bahitkul жауап берді
Өте дұрыс-ақ екен, қаншалықты тиімді екенін көре жатармыз!
0 дауыс
03 Қаң, 2016 белгісіз жауап берді
Activ zhane Kcell abonetterine osi 2016 zhildin ishinde 4G kizmeti korsetile bastaydi dep estidim (2016 zhilga arnalgan zhosparlarinda bar eken). Yagni Kcell, Activ operatorlari mumkin osi zhilgi zhaz aylarina deyin 4G baylanisina koship kalui bek mumkun degen soz.
04 Қаң, 2016 Bain (268 ұпай) пікір қалдырды
Қазақша жазайық)
...