Бүгінгі таңда жалпы білім беретін мектептердегі қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламалары Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқу бағдарламасына негізделіп, жаңартылуда. Жаңартылған бағдарламаларда тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым дағдылары сияқты сөйлесімнің төрт әрекеті қарастырылады.
Орта білім мазмұнын жаңарту жылдам өзгеріп тұратын әлемге бейімделуді қамтамасыз ететін оқушылардың кең ауқымды дағдыларының дамуына бағытталады.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдірудің жаңа жүйесін енгізу аясында Педагогикалық шеберлік орталығы (бұдан әрі - Орталық) және «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Орталық Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесе отырып әзірлеген ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарын (3 айлық деңгейлік курстар) өткізуде.
2011 жылдан бастап қазіргі заманғы технологиялар мен оқыту әдістемелері бойынша мұғалімдердің біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды жобалар басталды. Берілген бағдарлама аясында Орталық пен «Өрлеу» біліктілікті арттырудың ұлттық орталығы» АҚ базасында республикамыздың 52,55 мың мұғалімі 3 деңгейлік оқу курсынан өтті.
Бүгінгі таңда республика бойынша 30 пилоттық мектепте 1-сыныптың жаңартылған оқу бағдарламалары апробациядан өткізілуде. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пилоттық мектептердің педагогтерін оқыту курсынан 90 мектеп басшысы, 116 бастауыш мектеп мұғалімдері, 1890 пән мұғалімдері өтті. 2015-2017 жылдары 205 мың педагог курстан (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагог кадрлар біліктілігін арттырудың қысқа мерзімді курстары) өтеді.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді шығару мәселесімен «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы айналысады.