Сенсордың жұмыс істеу принципі қандай?

0 дауыс
Жалпы компьютер туралы мәліметтер бөлімінде 11 Қаң, 2016 Дәулет сұрағын қойды

Сенсордың жұмыс істеу принципі қандай?

1 жауап

0 дауыс
11 Қаң, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Бүгінгі таңда ұялы телефонымыздағы сенсорлық экран – өте ыңғайлы құрал екеніне ешкімнің күмәні жоқ. Мұндай дисплейлерді планшет, ұялы телефон, ридер, анықтама құрылғылары сияқты көптеген периферияларды жасау үшін пайдаланады. Сенсорлық экран көптеген механикалық батырмаларды алмастыруға мүмкіндік береді, және бұл өте ыңғайлы, себебі мұндай жағдайда олар дисплейлерді де, жоғары сапалы енгізу құралдарын да алмастыра алады. Механикалық бөлшегі болмағандықтан, мұндай құрылғылардың сенімділік деңгейі әлдеқайда жоғарылай түседі. Қазіргі таңда сенсорлық экрандарды бірнеше түрге бөлу қарастырылған: резистивті (төрт-, бес-, сегізсымдық болады), проекциялық-сиымды, матрицалық-сиымды, оптикалық және тензометриялық. Бұдан өзге, дисплейлер сыртқы-акустикалық толқындар немесе инфрақызыл сәулелердің негізінде жасалуы мүмкін. Бүгінге дейін патенттелген ондаған технология бар. Қазіргі таңда көбінесе сиымды және резистивті экрандар пайдаланылады. Соларды толығырақ қарастырайық: http://bilim-all.kz/article/2689

Ұқсас сұрақтар

...