1. "Алтын Емел" ұлттық паркі. Алматы облысы
"Алтын Емел" атауы моңғол тілінен шығады және "Алтын ер" дегенді білдіреді. Бір аңыздар бойынша, 1219 жылы Шыңғысханның әскері Орталық Азияны жаулап алуға аттанып, осы алқапты кесіп өтіп бара жатқанда, күн батып бара жатқан шақта сарғайған шөп жамылған тауларды көріп, ұлы қолбасшы "Алтын ер!" деген екен. Алтын Емел асуы шын мәнінде, сырттай қарағанда ер-тоқымға ұқсайды.
Алтын Емелдің бір көркі - Іле өзенінің түбінен жел ұшырып келген құмнан түзілген әнші шағылдар. Құм төбелердің дыбыс шығаруының себебі - құм түйірлерінің бір-біріне үйкелгендегі дыбыс.
2.Ақтолағай. Үстірттің солтүстік шеті. Ақтөбе облысы
Шатқал үлкен аумақты алып жатыр. Бұл мекен әлі көпшілікке танымал емес, әрі туристердің келуі де қиын. Мұнда табиғат ақ бор түсті керемет ландшафт жасап шығарыпты.
Бағзы замандарда, көп ғасыр бұрын, бұл үстірттің орнында теңіз болған. Топырақты қазып жіберсеңіз, теңіз жәндіктерінің тас болып қатқан қалдықтарын, акулалар мен теңіз түбін мекендеген өзге де мақұлықтардың сүйегі мен тісін тауып аласыз.
3. Батыс Алтай қорығы. Шығыс Қазақстан облысы.
Қорық Батыс Сібір даласы, Оңтүстік Сібір және Орталық Азия таулары мен Қазақстаншөл далаларының тоғысында орналасқан. Жақын маңда мұхит пен теңіз жоқ болғандықтан, бұл жердің климаты континентальдық, ол температураның шұғыл өзгеруінен көрінеді. Мұндағы жылдық орташа температура - +1,5°С.
Осы аймақ пен табиғи қорықтағы ең танымал жер - "Қара торап" деп аталатын үш шоқының (Көксу, Иванов және Холзун) түйіскен тұсы. Туристер арасында ерекше танымал "Тас ертегі" де осында орналасқан.
4. Қарқаралы таулары. Қарағанды облысы
Қарқаралы таулары — қазақ майда шоқыларының шығыс бөлігіндегі тау массиві. Олардың биіктігі 1403 метрге дейін жетеді. Тау беткейлерінде қарағайлы ормандар кездеседі. Алайда, бұл орынның басты ерекшелігі - мұнда мұз дәуірінен қалған өсімдіктердің жұрнағын, сирек кездесетін және жоғалып бітіп бара жатқан өсімдіктерді кездестіруге болады.
Толық: Қазақстанның көз тоймас көрікті жерлері