Көрген түсіміз неге есімізде қалмайды?

0 дауыс
Әр түрлі бөлімінде 24 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
Мен жиі түс көремін. Олардың көбі есімде қаламайды. Көрген түсіміз неге есімізде қалмайды?

1 жауап

0 дауыс
24 Қар, 2015 Bain (268 ұпай) жауап берді
Түстер жайлы естелік
Ғалымдар кез келген адам әр түн сайын түс көреді дегенді айтады. Адам «Мен түсімде мынаны көрдім», «Мен n-рет түс көрдім» деген уақытта, ол есінде қалған түстерін айтады. «Түс көру» деген сөйлемнің өзі шүбә туғызады, өйткені түсті туғанынан зағип адамдар да бастан кешеді. Көру бейнесінен өзге, түсте басқаның бәрі бар, осылайша, түсте ән тыңдауға, гүлді иіскеуге, тағамды жеп көруге немесе біреудің жақындағанын сезуге болады. Сондықтан түнде түс көрмейтін адамдардың мәселесі, оларға түстің келмейтіндігінде емес, таң атқан соң естеріне түсіре алмауында. Мұндай мәселе неге туындайды?

Түстерді есте сақтай алмау мәселесі теориясының бірі былай дейді. АҚШ ғалымдары тышқандарға тәжірибе жасаған. Тәжірибе барысында олар нейрондардың жағдайын белгілей отыра, қай нейрон жұптардың арасында ұштасу жүретінін бақылаған. Сергек кезде бұл процесс былай көрінген: алдымен гиппокамптағы жүйке талшықтары белсендірілген, ал миллисикундтан кейін онымен неокортекстегі нейрон үйлескен.

Осылайша, естеліктер гиппокампта түзеледі деуге болады, ал кейін қойма – неокортекске, ми қыртыстарының сыртқы қабатына өтеді. Осы екі аралықтың өзара әрекеттесу жылдамдығы ақпаратты сақтау сенімділігіне әсер ететіні анық. Әрі қарай зерттеушілер осы екі аралықтың түс кезінде байланысын қарастырды. Адам түстерінің көбін көздердің тез қимылдауы кезінде көреді деп есептесек, дәл осы уақытта екі қабат жиірек үйлескені байқалған. Естеліктер құрылу керек болғанымен, бірден жоқ болып кетіп отырған немесе тұманданып кету керек болған.

Бұдан шығатыны, ми қыртыстарының сыртқы қабатының есінде түстердің сақталуына мүмкіндік бермейтін табиғи механизмнің кесірінен адам көрген түстерінің барлығын есте сақтай алмайды. Түстер жайлы естеліктерді сақтауға қарсылық қорғаныш функциясын атқаруы да мүмкін, және адам түстер беретін артық ақпараттан арылып отырады. Бірақ бұл теорияны растау үшін ғалымдарға жеткілікті ақпарат аз.

Түс көру биологиясы
Биологиялық тұрғыдан адам ми қызметінің кейбір ерекшеліктерінен де түстерін есте сақтай алмайды. Кейбір зерттеушілер жеке адамдардың самай мен төбе қабатының шекара аймағы басқалардыкіне қарағанда жақсы жұмыс істейді деп пайымдайды. Олар бұл тұжырымға екі типті – түстерін жиі есте сақтайтын және мүлде сақтай алмайтын адамдардың қатысуымен болған тәжірибеден кейін келген. Соңғылардың миында дәл сол аймақтың белсенділігі төмен екені байқалған, ал біріншілерінде аймақтың дамығаны соншалықты, олар түсінде келетін ақпараттың көп бөлігін есте сақтай алатын болған. Алайда түсінде болып жатқан оқиғаларды есінде жеңіл сақтайтын адамдарға беймаза және сергек ұйқы тән, ал түстерін ұмытып қалатын адамдар тыныш және ырғақты ұйықтайтынын байқауға болады.

Бұл мәліметті растау үшін ғалымдар ми бөлігінің осы түйіскен жері жарақаттанған адамдарды мысалға келтіреді, және дәл осы зақымдану түстерді есте сақтау қабілетін толықтай жойған.

Сергек ұйықтайтын адамдар түнде жиі оянады және ұйқы кезіндегі сыртқы қоздырғыштарға әсершіл келеді. Мұның бәрі төбе-самай аймағының гипербелсенділігінің кесірінен болады, оның ерекше болуы ұйықтағанда ғана емес, сергек жүргенде де мидың кенеттен қызмет етуіне әкеледі.

Ұйықтап жатқан адамдарға зерттеу жүргізген ғалымдар электроэнцефалография арқылы олардың ми белсенділігін өлшеген. Тәжірибеге қатысушылар ұйқы кезінде тыныштандыратын әуен тыңдаған, бірақ кейде зерттеушілер ұйықтап жатқан адамның есімін ақырын айтып отырған. Өз атына әр адам шамамен бірдей елең еткен, алайда сергек адамдарға жасалған дәл осындай тәжірибе түстерін есте сақтаған адамдардың атына елең етуі жоғары екенін көрсеткен.

Көздердің тез қимылдау кезеңі (КТҚ)
Түстерді есте сақтау, көздердің тез қимылдау кезеңінде барынша іске асады деп есептеледі. Ғалымдардың пайымдауынша, түстер адамға дәл осы уақытта кіреді. КТҚ-кезеңдерінің ұзақтығы мен жиілігі түн бойы ұзарып отырады: алдымен он минуттан аспайтын ұйқының ең қысқа бірінші кезеңі болады, ал ең соңғы ұйқы екі сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Түс көрудің өзіне келетін болсақ, КТҚ кезеңінде бірнеше түс кіруі мүмкін, және олар бір-бірінен уақытша оянумен ажыратылады – дәл осы сәтте түсті есте сақтап қалуға мүмкіндік жоғары – тіпті түсті егжей-тегжейіне дейін жазып алуға да болады. Егер түс неокортекс аймағына «жазылып» үлгерсе ғана, түс жайлы ес сақталып қалуы мүмкін. Керісінше жағдайда, сіз соңғы түсіңізді ғана есте сақтай аласыз.

Түстерді есте сақтаудың не қажеті бар?
Біздің ағзамыз кейбір кезде түстерді есте сақтай алмайтындай жаралған. Бірақ оларды есте сақтаудың не қажеті бар? Қазіргі кезде аян беретін түске сенетіндер азайып келеді, сонымен қатар түс бойынша болжам жасайтындар да кемде-кем. Фрейдиан тұжырымдамасы, адам есінде қалған түс бөлшектері – ең маңызды деп санайды, ал қалған «бәсеңкі» түстерді зерттеудің еш мәні жоқ. Алайда түстерді есте сақтауға себеп те бар екен.

Түс зерттеуші орыс ғалымы В. Громов түстер адам оянған соң оның эмоционалды жағдайына әсер етеді деп пайымдайды: «Жаман түс көрген соң адам өзін нашар сезінеді, ал жақсы түстер керісінше көңіл-күйін көтеріп, өзіне сенімділік пен сергектік сыйлайды». Бар мәселе, егер адам өзінің жаман түс көргенін ұмытып қалса, күнінің неге сәтсіз өтіп жатқанын және күні бойы неге көңілсіз жүргенін білмей қалатынында.

Сол себепті, алаңдаушылықтың себебін саралау барысында жаман түстің әсерінен деген пайымдау арқылы ағзамызға артық салмақ түсірмеуге тырысуға болады. Сонымен қатар, түстерді есте сақтамаудан көп бола бермейтін және өте сирек кіретін жарқын түстерді жіберіп алуымыз мүмкін немесе өмір бойына керемет әсер ететін саналы түстерді де ұмытып қалуымыз мүмкін.

Түсті қалай есте сақтауға болады?
Табиғи кедергілерге қарамастан, адам жинақталып, түстерді есте сақтауға күш сала алады. Айта кетерлігі, түстерді есте сақтау үшін артық уайым болмау керек және біршама күш салу қажет.
Алдымен оятқышыңызды селт етіп оятпайтындай күйге келтіріңіз. Оған қоса ұйқыңыз қанық болуы керек – ұйқылы-ояу адамның түсін есте сақтауы екіталай. Ояна салысымен басқа жұмыстарыңызды ойламай, бірінші кезекте «Түсімде не көрдім?» деп ойлауыңыз керек.
Көзіңізді жұмып, әрбір фрагменттерін еске түсіру үшін біраз уақыт жату да артық етпейді. Кейін дәптерге түсіңізді жаза бастаңыз, осылайша ұсақ бөлшектері де есіңізде түсе бастайды. Кейде түстердің ұмытылған бөлшектері түнде, жатарда еске түсуі мүмкін.

Егер түстерді табиғи жолмен есте сақтау іске аспаса, онда түстер күнделігін жүргізуге болады. Онда түс көруші түстерінің сюжеттерін ғана жазып қоймай, оларға тән белгілерді де жазу керек. Осылайша түстерді жіктеуге де болады, бұл оның кейін есте сақтауына көмектеседі. Күнделік жүргізу түні бойы кірген тым құрығанда бір түсті есте сақтауды әдетке айналдырады. Алайда бұл шегі емес. Жақсылап жаттықса, түс ішінде ұзағырақ жүруге, жеті-сегіз түсті есте сақтауға болады. Осылайша сегіз сағат ұйқы мағыналы мәнге ие бола бастайды. Дегенмен мұндай шамадан тыс есте сақтау мидың ақпаратпен аса қанығуына себеп болуы мүмкін.

Қалай болғанда да, түстерді жазатын күнделік жүргізу сізді қызықты және есте сақтауға тұрарлық түстер көруге итермелейді, сондықтан түстерді есте сақтауға тырысу процессіне үлкен құлшыныспен кірісу қажет.

 

http://bilim-all.kz/article/1608-Korgen-tusimiz-nege-esimizde-qalmaidy

Ұқсас сұрақтар

+2 дауыс
1 жауап
Табиғат бөлімінде 19 Қар, 2015 berik258 (316 ұпай) сұрағын қойды
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
4 жауап
+1 дауыс
5 жауап
Дәрі-дәрмек бөлімінде 22 Мау, 2016 Ерғали сұрағын қойды
...