Аты аңызға айналған 20-шы ғасырдың бизнесмені, көлік өнеркәсібінің «атасы» Генри Фордтың өзінің ұстанған ерекше қағидалары болған. Соның біріне тоқталсақ. Генри Форд зауыттарының бірінде жұмыскерлер бригадасына демалыс үшін ақша төлеген. Бұл сервистік бригада конвейрдің үздіксіз жұмыс істеуіне жауап берген. Бір сөзбен айтқанда - жөндеушілер. Олар жалақыны тек демалу бөлмесінде отырғанда ғана алған.
Конвейрде ақаулар болған кезде қызыл шам жанып, жөндеушілердің жалақы есебі тоқтайтын. Бұл жағдай екі нәтиже беретін. Біріншіден олар демалу бөлмесіне тез оралу үшін жөндеу жұмыстарын шапшаң істейтін. Ал екіншіден ақаулық қайталанып, бөлмеден қайта шықпас үшін жөндеу жұмыстарын үнемі сапалы жасаған.