Оқып-үйренуді қалай әдетке айналдыруға болады?

0 дауыс
Әр түрлі бөлімінде 11 Ақп, 2016 Samina (152 ұпай) сұрағын қойды
Оқып-үйренуді қалай әдетке айналдыруға болады?

1 жауап

0 дауыс
11 Ақп, 2016 berik258 (316 ұпай) жауап берді

Әдет жоқ жерден пайда болмайды: көп жағдайда бұл біздің саналы таңдауымыздың салдары болады. Олар бізге бостандық береді, таңдау жасаудағы қиындықтарымыздан және секунд сайын өзіміздің жүріс-тұрысымызды түзеуіміз керектігі жайлы шырғалаңынан құтқарады. Әдеттегі өмір салтымыздың 40 пайызын әдеттен тұрады десек, бізді бақыттырақ, табысты және өнімді етуге көмектесетін әдеттерді үйренсек жақсы болар еді. Оқуды әдетке айналдыру жолдарын қарастырып көрейік. 

Нені оқығыңыз келетінін біліп алыңыз.

1. Ірі ойларыңызға уақыт бөліңіз.

Күйбең тіршілікте өмірлік негізгі мақсаттар туралы ойлануға уақыт бола бермейді. Өзіңізді бес жылдан кейін кім ретінде көргіңіз келеді? Жұмысыңызды өнімді ету үшін, ал өзіңізді құнды маман қылуыңыз үшін қабілеттеріңізді қалай дамытқыңыз келеді? Біз, барлығымыз бір-бірімізге ұқсамаймыз, біреуге мұны ойлауға аптасына жарты сағат та жетеді, ал біреу ұзаққа созылатын велосеруенге кетіп, әлемдік масштабтағы мәселелерді  ойлауды ұйғарады. Тағы біреулер үшін қойын дәптеріне ойларын жазу ыңғайлы, кейбіреуі тіпті басқа жолды таңдайды және әріптестерімен немесе сенетін ескі достарымен талқылайды.

2. Жай-жапсарына дейін ойлауға уақыт бөліңіз.

Кейде көрікті ой мен мақсаттарды тезірек жүзеге асыру үшін өзімізді қинап, шағын тұрмыс шаруаларын ұмытып кетеміз. Бірақ олар да маңызды: кейде қарапайым әрі шағын істерді өз кезінде, кешіктірмей тындыру пайдалы. Жұмысыңызды жеңіл ету үшін және көбірек ақша табу үшін бүгін не істеу керек?

3. Өзіңізден сұраңыз: мен кімді қызғанамын?

Қызғаныш – жағымсыз эмоция, бірақ ол өзін-өзі тану үшін керемет стимул бола алады. Егер сіз біреудің өміріне қызыға да, қызғана да қарайтын болсаңыз, сол адамның сіз қалаған бір дүниесі бар деген сөз. Кімді қызғанасыз: әрдайым саяхаттап жүретін досыңыз немесе ешқайда да асықпайтын досыңыз бар шығар? Болмаса MBA бағдарламасынан өткен әріптесіңіз әлде өтірікті көп айтатын бір әріптесіңіз. Қызғаныш біздің қай бағытта дамып, қай бағытта өскіміз келетінін анықтап береді.

Оқуды әдетке айналдырыңыз. 

Толық: Оқуды әдетке қалай айналдыруға болады

...