Үй тазалығына қатысты қандай пайдалы кеңестер бар?

+1 дауыс
Өмір, Тіршілік бөлімінде 24 Ақп, 2016 Сабина сұрағын қойды
Үй тазалығына қатысты қандай пайдалы кеңестер бар?

2 Жауаптар

0 дауыс
25 Ақп, 2016 Samina (150 ұпай) жауап берді

Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі 

Үй жинаудың еш қиындығы жоқтай көрінеді. Шаңды сүрте сал, еденді жу, шаңсорғышты қос. Жарайды, ал пеш үстіне шашырап, қатып қалған майды не істейміз? Ал бетіндегі торға жабысқан майды қалай кетіреміз?

1. Лимон шырыны микротолқынды пештегі дақтарды кетіреді.

Әрине, микротолқынды пешті жууға арналған құрылғыны сатып ала салуға да болады. Бірақ оның қанша тұратынын білесіз бе? Оның арзан тәсілі бар. Микротолқынды пеште қыздыруға жарайтын ыдысты алып, оған жартылай су құйыңыз және ортасынан бөлінген төрт лимонның шырынын суға сығып қосыңыз. Жемістердің жартысын су мен шырынның қоспасына қабығын бетіне қаратып қойыңыз да қыздырыңыз. Содан кейін суды төгіп, лимонды тастай салуға болады, ал микротолқынды пешті ылғал шүберекпен сүртіп шығыңыз – бәрі тап-таза.

2. Айнадағы дақтарға қарсы лимон шырынын пайдалануға болады.

Бір стақан су мен лимон шырынының төрттен бір бөлігін араластырып, пульверизаторға құйып айна мен терезелерді тазартуға болады. Әйнекке сеуіп, құрғақ майлықпен сүртіп шығыңыз.

3. Қылшықтарға қарсы перчатка.

Кілем, диван және орындықтардың жастығына жабысқан үй жануарларының жүндерін қолмен жинаған дұрыс. Ол үшін қолыңызға резеңке перчатка киіп, оны сулап, түктің үстінен жүріп өту керек. Қылшықтар түйір болып жинала бастайды.

Мақаланы толық оқу: Үйді тап-таза ұстаудың 12 әдісі

Тазалыққа қатысты басқа да қызықты мақалалар, деректер, кеңестер:

Тазалыққа арналған 10 амал

Европадағы тазалық

Үйдің шашылмауын қамтамасыз ететін 7 әдет

Афедронның тарихы немесе «Ақшаның иісі болмайды»

Ұқсас сұрақтар

+4 дауыс
3 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
2 жауап
0 дауыс
1 жауап
Яндекс.Метрика
...