Кокосты қалай жейді? Қалай ашымыз және шырынын қалай аламыз?

+4 дауыс
Тағам, Аспаздық бөлімінде 06 Шіл, 2016 Ақбөпе сұрағын қойды
Кокосты қалай жейді? Қалай ашымыз және шырынын қалай аламыз?

1 жауап

+1 дауыс
07 Шіл, 2016 (1,002 ұпай) жауап берді

Кокостың косметика мен пар­фю­мерия өндірісінде қолданылатыны белгілі. Жемістің адам ағзасына да пайдасы зор делінеді. Ғалымдардың айтуынша, кокос суының бір аяғының құнары 46 калорияға тең. Ал кокос сүті бұдан 11 есе нәрлі. Кокос суы ағзадағы сұйықтық жетіспеушілігін қалпына келтіреді. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дәрігер ғалымдар кокос шы­рынын физио­логиялық ерітінді ретінде қолданған. Бұл сұйықтық құрамында май болмайды, есесіне табиғи қант пен минералды заттар көп. Жеміс шырыны магний мен калийге де бай. Ағзаны токсиндерден тазартатын бұл шырын денедегі артық майлардан арылуға да зор ықпал етеді. 

Кокос таңдау

Кокос жаңғақтары тасымалдау барысында жиі ұрылып, нәтижесінде ішіндегі сүті төгіліп, өздері солып қалады. Сондықтан, кокостың бетінен кішкентай ғана жырық көрсеңіз, сатып алушы болмаңыз. Жақсы кокостың сүтінің дыбысы шайқағанда анық естіліп тұруы қажет.

Мына суреттерге назар аударып көріңіз:

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
6 жауап
...