Қазақстанға Қазақ-Түрік лицейлері керек пе?

+1 дауыс
Мектеп бөлімінде 02 Там, 2016 Арман сұрағын қойды
02 Там, 2016 өңдеу жасады

Қазақстанға Қазақ-Түрік лицейлері керек пе?

25 жылда бұл мектептер тамырын терең жайып, әбден орнығып алды. Мәселен, елімізде KATEV халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен ашылған 30-ға тарта түрік лицейінде қазір 8 мыңнан астам ұл-қыз білім алуда. Әлемдегі ең озық элиталық мектептен осы аралықта қазақтың мыңдаған дарынды қыз-жігіті түлеп ұшып, бүгінде биліктің барлық тармағында лауазымды қызметте отыр. Қала мен облыстардағы лицейлер Қазақстанның Білім министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша бала оқытады. Ақшасы да жергілікті бюджеттерден бөлінеді дейді шенеуніктер.

Ресми Анкара әлемнің түкпір-түкпірінде табысты жұмыс істеп жатқан лицейлер білімді жамылып, астыртын өз саясатын жүргізіп отырғандарына сенімді. Жуырда Түркия президентін тақтан тайдыра жаздаған әскерилердің әрекетінен соң бұл елде Гүленнің жақтастары биліктен жаппай қуылып жатыр. Себебі Ердоған төңкеріске оппозиция жетекшісі Америкадан пана тапқан, әйгілі Гүленді айыптаған.

Қазір Түркия Гүлен қаржыландырады деген мектептерін де жабуға күш салып жатыр. Әзірше, Орта Азия елдерінің ішінен Өзбекстан ғана түрік лицейлерін жауып, бірқатар оқушыларын «Нұршылар» діни ағымына мүшелікке кіргені үшін тұтқындаған.

Өз басым сол ҚТЛ-ның мезунымын түлегімін(2001 ж.). Ұстаздар мен тәрбиешілер Фетхуллах Гүлен және Саид Нурсині пір тұтатын. Енді осы мақтаулы білім ордаларын жылдап бітіріп жатқан мыңдаған түлектердің ішінде беріліп кеткен «Нұршылар» болашақта біздің елімізде де төңкеріс жасамауына кім кепіл? Жер-жаһанда білім саласындағы өз идеяларын енгізген Гүлен мектептер ашуға неге ынталанды? Мұның астарында қандай саясат жатыр? Қазақ-түрік лицейлері жабылуы тиіс пе? Ой-пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын, рахмет!

8 Жауаптар

0 дауыс
02 Там, 2016 Ерхан жауап берді
Ақша жинауды қатырады бұлар. Бұл жиналған ақшаның қайда кеткені де белгісіз, тексеріп отқан адам да жоқ...
0 дауыс
02 Там, 2016 белгісіз жауап берді
Барлығын жақсылап тексеру керек!
0 дауыс
02 Там, 2016 белгісіз жауап берді
Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Жақсылап барлығын қарап шығу керек! Нұршылар зиянды болса көзін құрту керек, негізі барлық сектаны құрту керек деген ойдамын
03 Там, 2016 белгісіз пікір қалдырды
Осылай жиналган акшалар пенсильванияга кетип жатыр деп естип едим ...
0 дауыс
02 Там, 2016 белгісіз жауап берді
КТЛ жақсы! Қазақстанға керек!
+1 дауыс
03 Там, 2016 айдын жауап берді

Түрік тілінде видео, ашық айтылған кім екені:

 

0 дауыс
03 Там, 2016 айдын жауап берді

Орыс тілінде:

0 дауыс
03 Там, 2016 Жарас жауап берді

Қазақ, ағылшын, орыс, қытай және түрік тілін қосып бес тілділікке көшейік.laugh

 

03 Там, 2016 белгісіз пікір қалдырды
Барлыгын тугелдей жабу керек. Олардын ким екени белгили болды.
0 дауыс
03 Там, 2016 айдын жауап берді

Орыс тілінде:

...