Қазақстанға Қазақ-Түрік лицейлері керек пе?
25 жылда бұл мектептер тамырын терең жайып, әбден орнығып алды. Мәселен, елімізде KATEV халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен ашылған 30-ға тарта түрік лицейінде қазір 8 мыңнан астам ұл-қыз білім алуда. Әлемдегі ең озық элиталық мектептен осы аралықта қазақтың мыңдаған дарынды қыз-жігіті түлеп ұшып, бүгінде биліктің барлық тармағында лауазымды қызметте отыр. Қала мен облыстардағы лицейлер Қазақстанның Білім министрлігі бекіткен бағдарлама бойынша бала оқытады. Ақшасы да жергілікті бюджеттерден бөлінеді дейді шенеуніктер.
Ресми Анкара әлемнің түкпір-түкпірінде табысты жұмыс істеп жатқан лицейлер білімді жамылып, астыртын өз саясатын жүргізіп отырғандарына сенімді. Жуырда Түркия президентін тақтан тайдыра жаздаған әскерилердің әрекетінен соң бұл елде Гүленнің жақтастары биліктен жаппай қуылып жатыр. Себебі Ердоған төңкеріске оппозиция жетекшісі Америкадан пана тапқан, әйгілі Гүленді айыптаған.
Қазір Түркия Гүлен қаржыландырады деген мектептерін де жабуға күш салып жатыр. Әзірше, Орта Азия елдерінің ішінен Өзбекстан ғана түрік лицейлерін жауып, бірқатар оқушыларын «Нұршылар» діни ағымына мүшелікке кіргені үшін тұтқындаған.
Өз басым сол ҚТЛ-ның мезунымын түлегімін(2001 ж.). Ұстаздар мен тәрбиешілер Фетхуллах Гүлен және Саид Нурсині пір тұтатын. Енді осы мақтаулы білім ордаларын жылдап бітіріп жатқан мыңдаған түлектердің ішінде беріліп кеткен «Нұршылар» болашақта біздің елімізде де төңкеріс жасамауына кім кепіл? Жер-жаһанда білім саласындағы өз идеяларын енгізген Гүлен мектептер ашуға неге ынталанды? Мұның астарында қандай саясат жатыр? Қазақ-түрік лицейлері жабылуы тиіс пе? Ой-пікірлеріңізбен бөлісуге шақырамын, рахмет!