Талапкерлерді кешенді тестілеуден (ТКТ) өткізу туралы
Талапкерлерді кешенді тестілеу деген не және оған кім қатыса алады?
Талапкерлерді кешенді тестілеу (ТКТ) – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, бір уақытта бірнеше оқу пәндері бойынша өткізілетін емтихан нысаны. ТКТ-ға келесі талапкерлер қатыса алады:
- өткен жылдардың бітірушілері;
- жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық олимпиадалардың қатысушылары;
- шетелде оқушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша білім алушылар мен ҰБТ-ға қатыспағандар;
- республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері;
- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері;
- шетелде білім беру ұйымдарын бітірушілер.
ТКТ-ге қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі қандай?
Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 9 шілде, шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдауды 20 маусым мен 1 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүргізеді.
ТКТ қандай пәндер бойынша өткізіледі?
ТКТ 4 пән бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және мамандыққа байланысты таңдау пәні (география, физика, биология, химия, қазақ әдебиеті (орыс әдебиеті), шет тілі).
Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны неше және қанша уақыт бөлінеді?
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 25. Барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут бөлінеді.
Тестілеу кезінде дәрісханада қолдануға болатын қандай заттар рұқсат етілген?
Тестілеуге қалам, Менделеев кестесін және тұздың ерігіштік кестесін алуға болады.
Тестілеу кезінде дәрісханадан шығуға бола ма?
Дәрісханадан тестілеудің бірінші және соңғы сағатында шығуға болмайды, басқа уақытта бір мезетте 2 талапкерден аспайтындай және дәліс бойы кезекшімен еріп шығуға болады.
Тестілеу өткізуін кім бақылайды?
ТКТ-ді ұйымдастыру және өткізу үшін әрбір базалық ЖОО-да мемлекеттік комиссия құрылады. Мемлекеттік комиссияның құрамына әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының басшылары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармаларының бастықтары аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің бастықтары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының немесе білім басқармаларының білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді.
ТКТ өткізу технологиясының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тестілеу орындарына Білім және ғылым министрлігінің уәкілетті өкілдері жіберіледі. Сонымен қатар бақылаушы ретінде қатысатын ата-аналар ТКТ өткізуін бақылай алады.
Емтихан материалдарынның құпиялығын және бұзылмаушылығын қамтамасыз етуге қандай шаралар қолданылады?
ТКТ-ді өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады. Барлық әрекеттер Мемлекеттік құпиялар туралы ережелеріне сай істелінеді. Мемлекеттік комиссия төрағасына, ҰҚКД өкілініне және Министрлік өкілінне арналған парольдар дұрыс жауаптар кодынан бөлек қалыптастырылады. Балық тесттің дұрыс жауаптар коды тестілеуді өткізу күнінде тесттің деректер қоры серверінде қалыптастырылады.
Егер талапкер ауырып қалса немесе отбасылық жағдайына байланысты ТКТ-іне мезгілді күні қатыса алмаса, онда ол басқа күні тестілеуден өте ала ма?
Дәлелді себеппен мезгілді уақытта қатыса алмағандар тестілеудің қалған күннің біреуінде қатыса алады, бірақ егер базалық ЖОО-ның басқа лектері бар болса ғана. Ол үшін растайтын құжаттарды көрсету керек. Мемлекеттік комиссия Министрлік өкілдерімен бірлесе отырып, әрбір жағдайды жеке-жеке қарастырады. Егер талапкер көрсетілген мерзімде үлгере алмаса, онда ол қорытынды емтиханды жалпы білім беретін пәндер бойынша тапсырып, аттестатты ала алады.