Оразаға, рамазан айына қатысты мәлімет керек. Ауыз ашатын, жабатын кезде не істеу керек?

0 дауыс
Мереке, атаулы күн бөлімінде 13 Нау Cagida (52 ұпай) сұрағын қойды
Оразаға, рамазан айына қатысты мәлімет керек. Ауыз ашатын, жабатын кезде не істеу керек?

Ораза кестесі бар ма?

6 Жауаптар

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

мына дұғаны оқу өте жақсы болады: Әузу мен Бисмилләһ толық айтылып,

«Аллаһуммә йа уаси'әл-мағфираһ, иғфирли уә ли-уалидаййә уә ли-устазиййә уә лил-мумининә уәл муминат йәумә йақумул хисаб» дұғасы оқылады.

«Ей кешірімі мол Аллаһым! Қиямет күні есепке тартқанда мені, ата-анамды, ұстазымды, ер-әйел бүкіл мұсылмандарды ғафу ет» деген мағынаны береді.

Бір-екі жұтымдық нәрсе жеген соң

«Зәһәбәззамаъ уәбтәлләтил уруқ уә сәбәтәл әжр иншааллаһу та’ала» дұғасын оқып, тамақ ішуді бастайды.

Бұл ауызашар (ифтар) дұғасының мағынасы: Аштық бітті. Тамырларымыздың сумен қауышу уақыты жетті. Иншааллаһ сауап жазылды.

Оқуға кеңес береміз:

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Сан түрлі дерттің шипасы — құрма

Жапон ғалымы Оразаның пайдасын дәлелдегені үшін Нобель сыйлығын алды

Оразаға қатысты пайдалы мәліметтер

Ораза өмірді ұзартады

Ораза тұтпауға рұқсат беретін жағдайлар

Opaзa ұстaғaндa aдaм aғзaсындa қaндaй өзгepістep бoлaды?

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Йа Раббым, Рамазан айының шапағатын бізге нәсіп ет! Рамазан шәрифте кешірім мен мағфирет етіп тозақтан азат еткен құлдарыңның арасында біздің де болуымызды нәсіп ет!

Оразаның парыздары

Оразаның үш парызы бар:

1- Ниет ету.

2- Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.

3- Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

Оразаға ниет

Бір күн бұрынғы «ақшам» уақытынан, яғни күн батқаннан ертеңіне ораза күнінің «дахуа» (бесіннен бір сағаттай бұрын) уақытына дейін Рамазан оразасына жүрекпен ниет ету парыз.

Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. («Имсак» – ауыз бекіту уақыты) Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады.

Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен басталған ораза сахих болмайды.

Назар аудар: Ауызашар кезіндегі дұға

Оқуға кеңес береміз:

Кімдер ораза тұтпайды?

Ораза тұтып денсаулыққа қауышыңыз

Адам баласы мен құрма ағашының 7 ұқсастығы

Ораза ұстаған кісі құрмамен ауыз ашсын!

Оразаның түрлері

Ораза кестелері (барлық қалалар)

 

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Рамазан айы

Рамазан айын құрметтеуіміз керек. Құрметтеу үшін Аллаһу та’аланың бұйрықтарын орындап, тыйымдарынан сақтануымыз қажет. Ораза тұтып, ғайбат жасаған, жалған сөйлеген, ренжіткен, харамдардан сақтанбаған адам рамазан айын құрметтемеген болып саналады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Мұқият болыңдар. Рамазан айындағы сауап пен күнәлар еселеніп жазылады. Рамазанда көп намаз оқыңдар. Көп Құран оқыңдар. Өйткені, рамазанда оқылған Құран Кәрімнің әр әрпі үшін Хақ та’ала жәннат бақшаларынан бір бақша береді».

«Рамазанды құрметтеу керек. Оның рақымдылығы мүміндерді қуантады. Оның алғашқы күндері рақымдылық, ортасы кешірім және соңы тозақ отынан құтылу».

«Егер құлдар рамазан айындағы ізгілік пен жақсылықтарды білсе, бүкіл бір жылдың рамазан болғанын қалар еді. Өйткені, онда көп сауап бар».

«Рамазан айында бір күнә істеген адам екі азап алады. Рамазанда бір жақсылық жасаған адам екі сауап алады».

«Рамазан айының күндізі мен түнінде Құран Кәрімнен бір аят оқыған адамға әр әрпі үшін бір шәйіт сауабы беріледі».

«Рамазанды құрметтеген адам Аллаһу та’аланы құрметтеген болады».

«Аллаһу та’ала рамазан айында күнә істемеген адамның он бір айлық күнәсін кешіреді».

«Рамазан айты күні періштелер жолдың шетінде тұрып, айт намазына бара жатқандарға мынаны сүйіншілейді: «Ей, мүміндер қауымы! Сендерге жақсылықтар, мол ниғметтер беретін рақымды Раббыларыңнан тілеңдер. Өйткені, Ол сендерге түнді ғибадатпен өткізуді бұйырды, сендер орындадыңдар. Ол сендерге күндіз ораза тұтуды бұйырды, сендер тұттыңдар. Ол сендерге Раббыларыңа бағынуды бұйырды, сендер бағындыңдар. Олай болса, олардың қайтарымын алыңдар». Намаздан кейін бір періште былай дейді: «Біліңдер, ей, мүміндер. Бүгін күмәнсіз сый тарату күні, күнәлардан құтылу күні және айыптардан тазару күні».

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Оразадан күтілетін пайдалар

Ораза тұтқан кезде дініміздің басқа бұйрықтарына да мән беруіміз керек. Оларға мән берілмесе тұтылған оразаның сауабы азаяды немесе жоқ болады. Оразаның және басқа бұйрықтардың мақсаты - дұрыс адам болу. Ораза тұтқан адам жаман істер жасайтын болса, оразадан күтілген пайдаға қол жеткізу өте қиын.

Хадис шәрифте былай деп бұйырылған: «Қаншама ораза тұтқан адамдар бар, олар ашығу мен шөлдеуден басқа ешнәрсе ала алмайды».

Оразадан күтілген үлкен пайдаларға қол жеткізу үшін:

Көзді пайдасыз нәрселерге, харамға қараудан, жүректі жақсы нәрселерден тыйатын жағдайлардан сақтау керек. Тілін жалған, өсек, арандатушы сөздерден сақтау қажет. Оразаның сауабын сақтау үшін тілді түрлі жамандықтардан қорғау керек. Хадис шәрифте былай делінген: «Ораза – барлық жамандықтардың қалқаны. Ораза тұтқан адам надандыққа салынып, жаман сөз айтпасын. Егер біреу онымен ұрысса, «мен оразамын» деп жауап берсін».

Ғайбаттаған адам мен оны тыңдаған адам күнәға ортақ болатындықтан харам нәрселерді тыңдаудан құлақты сақтау керек.

Көзді, тілді, құлақты жамандықтардан қорғау секілді қол, аяқ және басқа мүшелерді де харамдар мен күмәнді нәрселерден қорғау керек. Харам нәрсе жеуден сақтану керек.

Сәріде әр түрлі және күшті тамақтар жеуге болса да шектен тыс көп жеп, асқазанға ауырлық түсіру дұрыс емес. Ауыр жұмыс істемейтін адам аса көп жеп оразадан күтілген пайдадан құр қалмауы керек.

Ауызашарда «тұтқан оразамыз қабыл болды ма екен?» деп ойланып, қорқу керек және оразаның қабыл болуы үшін Аллаһу та’алаға жалбарыну керек. Рамазанда Аллаһтан көп кешірім сұрап, құран кәрім оқу керек және дінін дұрыс жазылған ғылымхал кітаптарынан үйрену керек.

islamdini.kz

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Ораза тұту пайдалы

Аллаһу та’ала адамдарға зиянды нәрсені әмір етпейді. Мұны медицина мамандары растауда:

    Ораза тұтқан адамдарда адреналин және кортизон гармондары қанға бұрынғыдан да оңай араласады. Бұл гармондар рак клеткаларына әсерін тигізеді. Осылай рак клеткаларына қарсы қалқан болады, яғни рак клеткаларының көбеюінің алдын алады.

    Ораза тұтқанда дене құрылысы ретке келеді, ішкі мүшелердегі майлар еріп, дененің сергектігі артады, иммунитеті нығаяды, асқазан, бүйрек, қантты диабет, жүрек және бауыр ауруларына қарсы тұру қабілеті артады.

Түрлі міндеттері бар бауырдың ас қорыту міндеті де бар. Ораза кезінде 3-5 сағат демалады, азық жинау жұмысын бір мезгіл тоқтады. Бұл арада қорғану жүйесін күшейтетін глобин белоктарын дайындайды. Асқазандағы бұлшық еттер және секрет бөлетін клеткалар, ораза кезінде бірнеше сағатқа демалады. Қанның көлемі де азайатыны үшін қан қысымы азайып жүрек тынығады. Әсіресе қан қысымы жоғары болған адамдар үшін ораза дәрі секілді пайдалы келеді.

Тамыр бітелуі (Атеросклероз)

     Азық қалдықтары жақсы қорытылмағанда тамырларды тоздырады. Қорытылмаған майлар тамырларды тарылтады, тамыр бітелуі деп аталатын ауруға себеп болады. Ораза тұтқанда кешке дейін денеде азық қалмайды. Яғни бүкіл азықтар қорытылып болады. Бұл тұрғыдан да әсіресе «тамыр бітелуі» бар адамдарға басқа айларда да ораза тұтуы кеңес беріледі. Ораза кезінде дененің басқа мүшелері де демалады. Аз тамақтану және ораза тұту деннің саулығы үшін өте маңызды. Зекет – мал мүлктің кірі. Зекет берген адам мал-мүлкін кірден қорғағанындай, ораза тұтқан адам да денесінің зекетін өтеген болады, денесін аурулардан қорғаған болады.

    Ораза тұтуда сабыр да бар. Хадис шәрифте «Ораза – сабырдың жартысына тең» деп бұйырылды. (Ибни Маже)   

     Оразаның сауабы басқа ғибадаттарға қарағанда өте көп. Хадис құдсиде былай бұйырады:

     «Әрбір жақсылыққа 10 еседен 700 есеге дейін сауаб беріледі. Бірақ ораза маған тән ғибадат, оның сыйапатын мен беремін» (Бұхари)

     Барлық жақсылықтың сауабын Аллаһу та’ала бергенімен, оразаның сауабы үшін бөлек түрде «мен беремін» деп бұйыруының хикметі неде?

    Жер жүзінің бәрі Аллаһу та’аланың мүлкі болғанымен Қағбаға «Бәйтуллаһ» яғни «Аллаһтың үйі» деп атауы оған ерекше мәртебе бергені үшін. «Ораза маған тән» деуімен де оразаға ерекше мәртебе берген.

     Ораза тұтқан адамға берілетін сауабты салыстырып өлшейтін өлшемі жоқ. Ораза тұтқан адамның жағдайына қарай көп сауаб беріледі.

     Басқалар ораза тұтпағанда ораза ұстау өте сауапты. Хадис шәрифте бұйырады:

     «Ораза тұтқан адамның жанында ораза тұтпағандар тамақтанғанда періштелер аузы берік адамға дұға етеді.» (Тирмизи)

     Сабыр етіп нәпіл ораза ұстай алмағандар, шүкір етуі керек, қонақтарға (жолаушыларға), кедейлерге ас беруі керек.

Шүкір етушілер аз

     Хадис шәрифте былай бұйырады:

     «Шүкір етіп ас беру, сабыр етіп ораза тұтуға ұқсайды.» (Тирмизи)

     Шүкір еткендерге көп сыйапат беріледі. Бірақ құндылықтар аз болғаны секілді шүкір етушілер де аз болады. Құран кәрімде былай бұйырады:

     «Шүкір етушілер аз» (Сәбә 13)

     Осы секілді аздардың қатарында болуға тырысу керек. Шүкір ету – исламға мойынсұну деген сөз. Имам Раббани хазреттері былай деген:

     «Рамазан айында нәпіл ғибадаттарға берілетін сауаб, басқа айларда жасалған парыздар секілді. Бұл айда жасалған бір парыз басқа айларда жасалған 70 парыз секілді. Бұл айға құрметсіздік етіп, бұл айда күнә істеген адамның бүкіл бір жылы күнә істеумен өтеді»

     Қасиетті жерлерде жасалған ғибадатқа басқа жердегіден де көп сауаб беріледі. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

     «Меккеде бір рамазан оразасын тұту, басқа жерде тұтылған мың рамазан оразасынан да абзал болады.» (Бәззар)

     Жұма күні жасалған ғибадаттарға да қаншама еселенген сауаб жазылады. Жұма күні жасалған күнәлар да 2 еселеніп жазылады. 

islamdini.kz

0 дауыс
13 Нау admin (590 ұпай) жауап берді

Оразаның парыздары

Оразаның парызы үш:

1.       Ниет ету.

2.       Ниетті алғашқы және соңғы уақыт арасында жасау.

3.       Имсак уақытынан күн батқанға (ақшамға) дейінгі аралықта оразаны бұзатын нәрселерден тыйылу.

 

Оразаға ниет:

     Рамазан және нәпіл оразаға ниеттің алғашқы уақыты күн батқаннан (ақшамнан) кейін басталады. Соңғы уақыты ертеңіне түскі намазға бір сағат қалғанға дейін болады. Ал қаза және кәфарат оразаларының ниеті ақшамнан имсак уақытына дейін жалғасады.

     Рамазанда оразаға ниет еткенде ақшамнан имсак уақытына дейін «ертең ораза тұтуға», имсактан кейін «бүгін ораза тұтуға» деп айтылады. Жаңылысып қате айтылса да ораза тұтатын күні мәлім болғаны үшін зияны жоқ. Рамазанда бір айлық оразасы үшін жалпылама бір рет ниет етуге болмайды, әр күні үшін бөлек бөлек ниет ету парыз болып табылады.

    Түнде жатарда тамақтанып немесе тамақтанбай ниет етсе, кейін түнде оянғанда, сәреге тұрғанда тамақтанудың зияны жоқ. Тіпті кешкі ас кезінде ниет ету жақсы болады. Ниеттен кейін имсак уақытына дейін жеп ішудің зияны жоқ. Рамазанда «ертең тісім ауырмаса ораза тұтамын, ауырса тұтпаймын» деген секілді күмәнды ниетпенен ораза сахих болмайды.   

 

Сұрақ: Күнтізбелерде жазылған имсак деген уақыт нені білдіреді? Бұл уақытта таң намазын оқуға бола ма?

 

Жауап: Имсак түннің біткенін, яғни ораза тұтқанда ішіп жеуді тоқтату уақытын білдіреді. Түркістан күнтізбесінде жазылған имсак уақытында жеп ішуді тоқтату керек. Қазақстанда бұдан 15-20 минут өткеннен соң таң намазын оқуға болады. Қате күнтізбелерге қарап азан айтылғанға дейін аузын бекітпеген адамның кінәні қате күнтізбеге жүктеуі, өзін жауапкершіліктен құтқармайды.   

 

Сұрақ: Әкем ораза тұтқанда күнтізбе бойынша емес, Құран бойынша амал етуде. Қара жіппен ақ жіпті бір бірінен ажырата алғанға дейін тамақтануда. Айнала жарық болғанға дейін тамақтануына қарап күмәнданып жүрмін, осы дұрыс па?

 

Жауап: Бақара сүресіндегі «Ақ жіппен қара жіп ажырағанға дейін жеп ішіңдер» деген 187-ші аяттағы жіп сөзі – күндіздің ағаруымен түннің қараюын білдіреді. Аят кәриманың мағынасы «Күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы, жіп секілді бір бірінен ажырағанға дейін жеп ішіңдер» дегенді білдіреді. Бұл аят кәриманы естіген сахаба «Ей расулуллаһ, мен күндіздің түннен ажырағанын білу үшін жастығымның астына ақ жіппен қара жіп қойдым. Бірақ түннің біткенін ажырата алмадым» дейді. Сонда пайғамбарымыз «Ол жіптер күндіздің жарығымен түннің қараңғылығы» деп бұйырады. Егер пайғамбарымыз мұны түсіндірмегенде ақ жіптің күндіз, қара жіптің түн екенін қалай білер едік? Құран кәрімнен түсінгенімізге жүгініп мына жігіттің әкесі секілді, әсіресе бұлтты күндерде әлі дала қараңғы деп күн шыққанға дейін жеп ішер едік.

islamdini.kz

Ұқсас сұрақтар

...