Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер керек?

+1 дауыс
Ұлағатты сөздер бөлімінде 05 Жел, 2015 Жомарт сұрағын қойды
Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер керек?

3 Жауаптар

0 дауыс
05 Жел, 2015 Әлихан жауап берді
Қоршаған орта бізді істегіміз келмеген нәрсені жасауға итермелейді. Тек өте аз адамдар тобы ғана стереотипті жеңуге қауқарлы. (Белгісіз автор)
Ағысқа қарсы жүзгенде ғана еркін ойдың не екенін түсінесің. (Белгісіз автор)
Құл ешқашан тәуелсіз болуға ұмтылмайды, оның арманы – өзге құлдардың үстінен қарау. (Габриэль Лауб)
Адам алаң үшін емес, тәуелсіздік үшін жаралған. (Спартак)
Кейде тәуелсіз ой біз ұйықтап жатқанда оянады. (Леонид С.Сухоруков)
Біз Италияны құрадық, енді италиялықтарды жасап шығарайықшы. (Камилло Кавур)
Өз өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады. (Георгий Александров)
Адам табиғатынан-ақ тәуелсіз болуға жаралмаған. (Люк де Копье Вовенарг)
Нағыз еркіндік – жалғыз қалу. Сол кезде ғана ешкімге тәуелді болмайсың, саған да ешкім тәуелді болмайды. (Белгісіз автор)
Бәрінен де тек қана өзіне бағынышты адам бақытты. (Цицерон)
Біздің жұрт бостандық, теңдік, құрдастық, саясат ісін ұғынбаса, тарих жолында тезек теріп қалады.
(Әлихан Бөкейханов)
Тәуелсіздіктің тар жол, тайғақ кешуінен, беттен қағар желінің есуінен тайсалмауға тиіспіз. (Нұрсұлтан Назарбаев)
0 дауыс
05 Жел, 2015 Nur2000 жауап берді
Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды.
                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев
Қазақ халқы сан ғасырлар бойы өзінің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы қасиеттерінің: қатер төнген сәтте бірігіп, ұйымдаса білуінің, сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік,
келісім мен тату көршілік жағдайында тұруға деген ынты-ықыласының арқасында ол тарих тасқынының астында қалып қоймай, өзінің мемлекеттігін қалпына келтіре алды.
                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев
Біз туған мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне, халықаралық қауымдастықтағы беделінің өсуіне қызмет етуге парыздармыз.
Нұрсұлтан Назарбаев
Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын.
                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев
Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы  қажет.Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы.
                                                                                                      Нұрсұлтан Назарбаев
Тәуелсіздіктің біздің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шыңдап түсуіміз керек. Әулетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең байтақ жеріміздің байлығы  осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып бірге өмір сүріп жатқан басқа ұлт  өкілдеріне де молынан жетеді. Не істесек те ақылмен істейік, арзан ұранға ермейік, ұшпа сезімге ерік бермейік дегім келеді. Әсіресе, жастар, салқынқандылықтан, үлкенді сыйлаудан, сөзге тоқтаудан айнымаса, қашан да достыққа адал болса, бауырмал, кеңпейіл болса, халықтың атына сөз келтіретін ұстамсыздық атаулыдан аулақ жүрсе деп тілейік.
                                                                                                     Нұрсұлтан Назарбаев  
Тәуелсіздік- тарихтың мәңгіге берген еншісі емес, халықтардың мамыражай өмір сүруіне берілген кепілдік те емес: аңғал болмағанымыз абзал.
                                                                                                      Нұрсұлтан Назарбаев
«Тәуелді» деген ұғымды тудырған күштілер мен обырлар.
Шерхан  Мұртаза
Еркіндік – жалаңаш.
Олжас Сүлейменов
0 дауыс
05 Жел, 2015 Жандос жауап берді

Тәуелсіздік туралы қанатты сөздер, нақыл сөздер осы жерде бар

Тәуелсіздік туралы мақал-мәтелдер осы жерде бар

Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең, алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар,
Еркек тоқты құрбандық.
Атам десең атыңдар

Қайрат Рысқұлбеков

...