Ана-мерген (Сағындықова Тілеулес)
Ана- мерген, нағыз батыр ол- ана,
Ана- сенім, пана болар балаға.
Бақыт деген анаңның алақаны
Жылытар әрдайым тоңғаныңда.
●
Тоғыз ай көтереді құрсағында,
Бақытыңды тілейді, саулықты да.
Ана деген сүйіспеншілікке толы жүрек
Ренжітумен сол жарықты өшіріп алма.
●
Анасы, бар жылуын төккен он ұл,
Бағаламады-ау, жылап қалды сорлы ана.
Құрсағынан туған жылан болғанымен
Кешіреді-ау ана жүрек сонда да.
●
Он ұл, отбасы болды, орынын тапты,
Бағып қаққан анасын ұмыта қапты.
Немересін иіскей алмай, біреуін де,
Ана байғұс қинала көзін жапты.
●
Ешкімнің шаруасы жоқ анасымен,
Дүние сыйлаған жəннаттың кілтіменен.
Ал сол ана қиналып əлі жүр ғой
Жайылған жапырағын көре алмай.
●
Күндер өтті, сағат, айлар, жылдар да
Сағынады, аңсайды перзентін.
Ана- жарық, өшпестей ешқашан да
Өмір бақи сақтап жүрер ұрпағын.
●
Ренжітпеңдер, көңіліне қаяу салмаңдар
Бар кезінде бағалалаңдар, сыйлаңдар!
Ананың ешқашан өшпес жарығы
Қара түнектен жалғыз амал шығарар!