Ақпараттық технология арқылы оқушылардың таным белсенділігін қалай арттыруға болады?

0 дауыс
Әр түрлі бөлімінде 12 Жел, 2015 белгісіз сұрағын қойды
Ақпараттық технология арқылы оқушылардың таным белсенділігін қалай арттыруға болады?

1 жауап

0 дауыс
12 Жел, 2015 Қаламқас жауап берді

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарлааларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек»-деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Қазіргі уақытта гуманитарлық бағытта-ғылыми білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдырды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.

Білім берудегі интерактивті технология-мұндағы интерактивті сөзі-inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін-бірі толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.

Интерактивті тақта (ИТ) - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар.

Бағдарламалық-техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақта қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web-түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгілі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.

Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі:

Пән бойынша базалық білімді меңгеру;

- алған білімді жүйелеу;

- өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;

- жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;

- оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік

көмек беру.

Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады.

Оқушылардың  көпшілігі естігеннің 5% және көргеннің 20% есте сақтайтыны белгілі. Аудио және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50% дейін арттырады.

Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты, әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды.

Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет». Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

- оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдылығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану;

- оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс-әрекетін компьютерлік ойындар және т.б.) сабақта жиі қолдану.

 

Толық мына жерде.

Ұқсас сұрақтар

...