Ғарышты игерудегі жетістіктер

+1 дауыс
Аспан әлемі, Ғарыш бөлімінде 23 Қар, 2015 Акерке сұрағын қойды
Ғарышты игерудегі жетістіктер қандай?

3 Жауаптар

0 дауыс
30 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш қызметіндегі жетістіктері

Биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев: «Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық. 1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық. Біз келелі міндеттерге ұмтылып, оларға қол жеткіздік» - деп атап өтті.

Иә, шыны керек 20 жылда Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында мемлекетті қалыптастыруда қыруар істер жүзеге асырылды. Соның ішінде, ғарыш қызметі де елеулі нәтижелерге қол жеткізді.

Қазақстан үшін ғарыш саласының алар орны ерекше. Елімізде әлемдегі ең ірі «Байқоңыр» ғарыш айлағы орналасқан, әлем біздің ғарыш айлағымызды «Жердің бірінші ғарыштық айлағы» деп мойындайды.

Ғарышқа адамзат алғаш рет 50 жыл бұрын біздің байтақ жерімізден аттанды. Егер еліміз өз тәуелсіздігін алмағанда, бұл саланың да Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқанына қа­рамастан, дами қоюы екіталай болар ма еді... «Елдің дұрыс дамуы үшін, ең алдымен, оның басына азаттық керек» деп кезінде Шоқан Уәлиханов қандай орынды айтқан.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев ғарыш қызметін іске асыруға қолдау көрсетіп, оған ерекше назар аударып жүргені баршамызға мәлім. Тәуелсіз еліміздің қысқа тарихындағы жетістіктеріміз сол нақты тапсырмалардың нәтижелері екенін атап өткен жөн.

Мемлекет басшысының қолдауымен біздің ірі жобаларымыз Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді. Олар: «Ангара А-5» зымыран-тасығыш негізіндегі зымыран-ғарыштық «Бәйтерек» кешені; «Қазсат» байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі; ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешені; жерді қашықтықтан зондтау жүйесі.

Өздеріңізге белгілі, шілденің 16-сы күні Байқоңыр ғарыш айлағынан «ҚазСат-2» спутнигі ойдағыдай ұшырылды. «ҚазСат-2» спут­­ник-телевизиялық ақпарат та­ратуға және байланысқа арналған, яғни біз ақпарат таратып, байланыс орнату үшін басқа елдердің спутнигін жалдап, қаржыны басқа елдерге аудармаймыз деген сөз. «ҚазСат-2» арқылы еліміздің әр түкпіріне кедергісіз ақпарат пен байланыс жеткізіп, қиындықсыз хабар беруге бо­лады. Өзі­міздің жер серігі іске қосыл­ғаннан кейін, байланыс сала­сы, интернет те арзандай бастайды. Дегенмен, осының бәріне қол жеткізу үшін белгілі бір уақыт керек. Ал, «ҚазСат-3» спутнигінің ұшырылуын 2013 жылдың соңы мен 2014 жылдың басына жоспарлап отырмыз.

Осы табыстардың барлығына Тәуелсіздіктің 20 жылында жетіп отырмыз. Тәуелсіздік алып келген жетістіктер де, оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі екені анық.

Ғарыш әлемінің құпиялары ғылымның арқасында ашылып, адамзат игілігіне қолданыла бастады. Ғарыш саласындағы  зымыран-тасығыштар, ғарыштық аппараттар мен спутниктер сияқты тағы да басқа күрделі, әрі озық ақыл-ойды қажет ететін техникалардың барлығы да ғылымның жетістігі. Ғылым адамзатқа қанат бітірді, ғаламат істерге жетеледі, ғажайып жаңалықтар ашу тетігіне айналып, соның нәтижесінде адам ғарышқа қадам басты. Ғылымның одан әрі дамуымен қатар, Юрий Гагарин ғарышқа ұшқан 50 жылдан бері ғарышты зерттеу мен қолдануды дамыту саласында орасан зор жұмыстар жасалды. Мыңдаған ғылыми зерттеу жобалары жүзеге асырылды.

Әлеуметтік-экономикалық сектордың қандай да бір саласы елеулі ғылыми-зерттеу әлеуетінсіз айтарлықтай дамып, бәсекеге қабілетті бола алмайды. Қазғарыштың қызметінде де бұл маңызды даму факторы сырт қалған жоқ.

Мәселен, осы бағытта ғалымдар қолданбалы ғылыми зерттеулерді мынадай: астрофизикалық зерттеулердің ғылыми және тәжірибелік базасын дамыту, қазақстандық көпсалалы мониторингілеу және ғарыштық ауа райы, жер қыртысы жерүсті-ғарыштық геодинамикалық және геофизикалық мониторингілеу, ғарыш қызметін экологиялық мөлшерлеу жүйелерін және  зымыран-ғарыштық техника мен ғарыштық технологияны құру бағыттары бойынша орындады.

Атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша таяу және алыс ғарышты зерттеу және ғарыштық техника мен технологияны әзірлеу мен қолдану саласында бірқатар ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді. Қолданбалы зерттеулердің нәтижелері Ұлттық ғарыш орталығының құрамында Ұлттық ғарыштық технологиялар лабораториясын құру туралы мәселені қоюға мүмкіндік береді. 

0 дауыс
30 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қазғарыш 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту жөніндегі салалық бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Бұл маңызды құжаттар толыққанды ғарыш саласының стратегиялық бағыттарын қалыптастырады.

Әлбетте, егер стратегиялық міндеттер мен бағыттар бар болса, онда нәтижелер жөнінде ауыз толтырып айтуға болады.

Отандық ғарыштық қызметті тиімді дамыту және оған әлемдік деңгейдегі технологияларды тарту мақсатында Қазғарыш шет елдер мен халықаралық ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда. Біз Қазақстанға заманауи технологиялар мен тиімді ынтымақтастық жағдайларын ұсынатын, ғарыш саласында барынша дамыған шетелдік серіктестерді және белгілі халықаралық компаниялар мен корпорацияларды тартудамыз. Бұл елімізге ғарыш саласын құру және ғарыш ғылымындағы жетістіктерді, экономиканы дамыту мүддесіндегі техника мен технологияларды, ел азаматтарының қауіпсіздігі мен әл-ауқатын пайдалану бойынша міндеттерді барынша тез және тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Әр салада жұмыс сапасын қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мамандардың керек екені анық. Ғарыш қызметін дамыту үшін кәсіби кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру міндеті тұр, сондықтан да мемлекет осы күрделі саланы игеруге талаптыларға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Осыған байланысты Қазғарыштың ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық  жоғары оқу орындары анықталып, сол жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жұмысы бастау алды. Бұған қоса, базалық оқу орындарында аэроғарыш факультеттерін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, «Болашақ» Президенттік бағдарламасы шеңберінде шетел жоғары оқу орындарында студенттер білім алуда.

Қазіргі таңда ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде оқу семинарлары ұйымдастырылуда.

Әрине, жас мамандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі де Қазғарыштың назарынан ешқашан тыс қалған емес. Осы орайда Елбасымыздың көреген саясаты негізінде қанат жайған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыш технологиялары мен техникалары бағытында білім алған алғашқы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі бастама алды. Қазіргі кезде Қазғарышта және оған бағынысты ұйымдарында «Болашақ» бағдарламасы түлектері қызмет етуде.

Елбасымыз:  «Тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша», демекші, біз үшін де ғарыш саласын құруда бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктеріміздің маңызы зор. «Бастауы бар бұлақ ұзақ ағады», - деп дана халқымыз айтпақшы, біздің байтақ еліміздің дүниежүзілік ғарыштық нарықта өзінің орнын табуы үшін бар күш-жігерімізді аямауымыз қажет.

http://kazcosmos.gov.kz

0 дауыс
30 Қар, 2015 (1,002 ұпай) жауап берді

Адамзат баласы санаулы ғана жылдардың ішінде ғарыш кеңістігін игеруде үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Ғарыш технологияларының ғылымға, техниканың дамуына игі ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз. Осы уақытта орбитада мыңдаған жерсеріктері ұшып жүр. Олар адамзат үшін қажетті аса маңызды стратегиялық міндеттерді орындауда. Ғарыш аппараттары Айға және Венераға, Марсқа ұшып, түрлі зерттеулер жүргізуде. Қазіргі заманғы жоғары технологиялардың барлығы да ғарышпен байланысты. Осы орайда ғарыш саласында өзіндік үлесі бар ел ретінде Қазақстанның да өзіндік мақсаттары болуы шарт.

Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әс­кери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негіз­делген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бір­қатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерт­теулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыш­тық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласын­дағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді. Жалпы, капиталистік заманда кез келген тақырыпқа романтикалық қа­рым-қатынаста болу мүмкін емес. Яғни кез келген ел «ғарыштық держава» деген жа­лаң атақ үшін ғана бекер шығындала ал­май­ды. Сондай-ақ еліміз дәл қазіргі жағдайда ғылым-білімнің ғарыш әлемін танып-білуге деген құштарлығы үшін салық төлеушілердің қалтасынан жиналған қаржыдан миллиардтар бөле алмайды. Әзірге ғарыштық ғылыми жобалар үшін қомақты қаражат құю төрт құбыласы түгенделген, дамыған мемлекеттердің қолынан келеді. Онда да әрбірінің емес. Ендеше, Қазақстанның ғарыш саласы үшін Марс пен Венерада не болып жатқаны, «Күн системасында қандай ауытқулар бар», «өзге ғаламшарлар мен жатпланета­лық­тар бар ма» деген секілді сұрақтар уа­қыт­ша қызықтырмауы керек. Демек, Қа­зақ­стан ғарыш саласын дамыту бары­сын­да негізінен өз жерімізді зерттеу мәсе­лесіне көп икемделгені дұрыс.

Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады

Атом өндірісін әскери мақсатта пайда­лануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға бол­майды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қо­йылатын талап болу қажет. Себебі бұл сала­ның да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әс­кери қорғаныс саласын жетілдіру жо­лын­да АҚШ пен Иран секілді  зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тари­хында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда.

Ғарышты игеру саласын прагматикалық көз­қарасқа салатын болсақ, нақты мемле­кет қазынасына пайда түсіріп, ел азамат­та­рына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыз­дылығы үстем. Мәселен, өткен жылы ресейліктердің қазақстандық қос ғарышкерді ұшырудан бас тартуын кейбір отандық баспасөз құралдары ұлттық трагедия етіп суреттеді. Әсілінде, бұл үшін сезімге беріліп, аталған салада көрші елмен «ат құйрығын кесісудің» тіпті де қа­жеттілігі жоқ. Себебі дәл қазір Қазақстанның ғарыш саласының дамуы дәл сол екі ғарышкеріміздің көкке көтерілуіне қарап қалған жоқ. Мұны Ұлттық ғарыштық агент­тігі де жақсы түсінетіндей.

Ғарышқа қанша ақша бөлінеді?

Әлемдік экономикалық дағдарысқа қа­рамастан, барлық дерлік ғарыш дер­жа­валары «жұлдызды» жобаларды қар­жы­ландыруды азайтудың орнына, ұлғайтып жат­ты. Космостық бағдарламалар бюджеті осыдан бір жыл бұрын АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осы­лай NASA америкалық агенттігі ғарыш са­ла­сына салған әрбір доллардың 5-6 дол­лар болып қайтатындығын хабарлаған. Мамандардың бағалауынша, соңғы жыл­дары Ресейдің ғарыштық зымыран сала­сындағы пайдасы – үш есеге, ал оның қайтымы екі есеге өскен.

Ендеше, біз де елдің индустриялық-ин­новациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құ­р­ылуы мен дамуына, халықаралық ма­ңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.

Ғарыш пен байланыс

Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл бағытта тартынып жатқан жоқ. Сөйте тұра, ғарыштық жобалардың барлық салалары бойынша далақтай бермей, не­гізгі бағыттар бойынша ғана жұмыс жасау қа­жеттігін түсінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агент­ті­гінің төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық саланы қалыптастыру страте­гия­сы мен еліміздегі ғарыш саласын дамы­ту­дың мемлекеттік басқару реформасы бо­йынша ғарыш саласына 2020 жылға де­йін жыл сайын 316 миллион АҚШ доллары көле­мінде қаржы қажет болатынын айта­ды. Ғарыштық жүйені дамытуға бағыт­тал­ған стратегияны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін орбиталық топталған 12 ға­рыштық аппарат құрылатындығын, соны­мен қатар еліміздің спутниктік байла­ныс каналдарына сұраныс қанағаттан­ды­рылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспар­ланған. Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қаз­сат» ұлттық жүйесін пайдалану – елі­міз­дегі байланыс саласын бірнеше есеге арзандатады» деп үміттенеді. «Қазсаттары­мыздың» жоғалып кетуіне қарамастан, Қазақстанның төл жерсеріктерін ұшыру­дан тайынбауы – осының бір дәлелі. Ғарыш сала­сының тағы бір мүмкіндігі – табиғи ка­таклизмдерді алдын ала болжау мүмкіндігі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақ­сатында табиғи болжамдарға қаржы құю­дың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ға­рыш­тағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қам­тамасыз етіп отырған Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды.

Автор: Сәкен Көкенов  thenews.kz

Ұқсас сұрақтар

...