GPRS деген дегеніміз не?

0 дауыс
Ақпараттық технология бөлімінде 26 Мау, 2016 Айсұлу сұрағын қойды
GPRS деген дегеніміз не?

2 Жауаптар

0 дауыс
26 Мау, 2016 Рауан жауап берді
GPRS (General Packet Radio Service) дегеніміз — сымсыз деректерді беру. Интернетке жоғары жылдамдықпен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

EDGE (Enhanced Dataratesfor GSM Evolution) дегеніміз — 2G және 2.5G (GPRS) желілерінің үстінен қондырма ретінде жұмыс істейтін, ұялы байланысқа арналған сандық технология.

GPRS пайдаланушылары сыммен қосылғандай тәртіпте, GPRS/GSM желісінің қамту шегінде Интернетке толық көлемде қол жеткізе алады. Яғни, GSM желісінің қамтуы бар болса, онда GPRS қамтуы да бар деген сөз.

GPRS – Интернет-провайдерге қоңырау шалмастан және Интернетке қол жеткізуді сатып алмастан, қызметтерге лезде қол жеткізуді ұсынады.

Деректерді беру тәртіптемесінен шықпастан, телефонға қоңырау қабылдау мүмкіндігі бар. Тек берілген/алынған ақпараттың көлеміне ғана ақы төленеді. GPRS-те деректерді берудің ең жоғарғы болжанған жылдамдығы секундына 171,2 Кбитті құрайды. EDGE – деректерді беру жылдамдығын секундына 480 Кбитке дейін арттыруға мүмкіндік береді.

3G – мобильді байланыс технологияларының 3-буыны — Интернет желісінің қызметтеріне жоғары жылдамдықпен мобильді қол жеткізуді және деректер беру арнасын құратын радиобайланыс технологиясын біріктіреді. Мобильді байланыстың үшінші буыны деректерді пакеттік берудің негізінде құрылған. 3G үшінші буын желілері секундына 3,2 Мбитке дейінгі жылдамдықпен деректерді бере отырып, дециметрлік диапазон жиіліктерінде жұмыс істейді, әдетте, шамамен 2 ГГц диапазонында. Олар ақпараттың үлкен көлемін беруге/қабылдауға, ұялы телефонда фильмдер мен телебағдарламаларды көруге және т.б. мүмкіндік береді.

WAP (Wireless Application Protocol) дегеніміз — тікелей ұялы телефондардан Интернеттің ақпараттық және сервистік ресурстарына сымсыз қол жеткізу хаттамасы. WAP-қызметтерін кез-келген тәулік мезгілінде, кез-келген жерде пайдалануға болады.

WAP арқылы интернетте жұмыс істеу үшін саған қосымша құрылғылар (компьютер және модем) қажет емес, WAP қолдауы бар ұялы телефонның өзі жеткілікті болады.

WAP-сайттар веб-серверлерде орналасады және ұялы телефондардың мүмкіншіліктеріне – яғни, кішкене экрандарға және шағын көлемдегі жадыға бейімделген арнайы форматта ұсынылады.
0 дауыс
2 сағат бұрын admin (1,259 ұпай) жауап берді

GPRS (General Packet Radio Service) дегеніміз – ұялы байланыс желісі арқылы мәліметтерді (интернет, файл, хабарлама) жіберуге арналған технология.

Яғни, GPRS – телефон арқылы интернетке қосылып, ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін жүйе. Ол GSM (2G) желісінің үстінде жұмыс істейді және деректерді пакеттерге бөліп жібереді.

GPRS-тің негізгі ерекшеліктері:

  • Интернетке ұялы байланыс арқылы қосылуға мүмкіндік береді
  • Мәліметтер пакеттік түрде беріледі (үздіксіз емес)
  • Төлем уақытына емес, пайдаланған трафикке байланысты есептеледі
  • Жылдамдығы шамамен 56–114 Кбит/с (максимумы ~171 Кбит/с)

Қарапайым тілмен айтқанда, GPRS – ескі телефондардағы интернеттің алғашқы түрі, қазіргі 3G, 4G, 5G технологиялары соның дамыған нұсқалары.

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Қызық сұрақтар бөлімінде 07 Сәу, 2018 белгісіз сұрағын қойды
0 дауыс
2 жауап
Қазақ тілі бөлімінде 08 Қар, 2017 Серік Т сұрағын қойды
+1 дауыс
1 жауап
Термин бөлімінде 01 Қар, 2017 Арман сұрағын қойды

Bilim-all.kz сұрақ-жауап бөлімі

Бұл бөлімде сұрақ қойып, нақты жауап алуға болады. Білім, мектеп, өмір, әдебиет және басқа тақырыптар қамтылған.

...